9.01.2019, 18:10
Оқылды: 40

Ақжайықта жылқы ұрлағандар ұсталды

Ақжайық аудандық «Жайық таңы» газеті редакциясына бас сұққан Чапаев тұрғыны Сәуле Сүлейменова мал ұрлаушыларды ұстаған полиция қызметкерлеріне ризашылығын айта келді. Журналистер бірден аудандық полиция бөлімінен істің толық мән-жайына қанықты.

Loshadi v stepi

         Жуырда Жаңақала - Чапаев автожолы бойындағы кезекті тексеру барысында түнде тәртіп сақшыларының назарына күдікті жеңіл көлік шалынады. Бұл күдік тегін болмай шықты. Көліктің ішінде бірнеше ер адам болады. Олар мінген автокөліктің салонын және жүк салғышын қарау кезінде сойылған мал еті болғанымен, құжаттары жоқ болып шығады. Полиция қызметкерлері жедел қимылдап, түлік терісіндегі таңбаны бірдейлендіру жүйесіндегі базамен салғастырып, сойылған малдың Мерген ауылдық округіне қарасты «ДОС» шаруа қожалығына қатысты екенін анықтайды. Аталған қожалықтың иесі С.Сүлейменованың жұбайы.

         Алғашқы жедел тергеу барысында анықталғаны, әлгі ер адамдар тобы жылқыны алыс жерге алып шығып, жол жанындағы ағаштар тасасында сойған. Бүгінде олар тергеу изоляторында отыр. Жылқы еті иелеріне қайтарылды. Күдіктілердің Ақжайық ауданы аумағындағы осындай басқа ұрлыққа қатыстылығы да тексерілуде.

Марат Менешұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале