15.08.2018, 15:10
Оқылды: 21

Ақжайықтағы құрылыс сапасы – «нұротандықтар» назарында

Akzhaik pertia (1)Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта ағымдағы жылдың маусым айында кезектегі ауылішілік жолдарды жайландыру жұмыстары басталғаны көпшілікке мәлім. Оның барысы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының басты назарында.


Филиал төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева, Чапаев орман және жануарлар дүниесі қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мәлік Мұхтар (комиссия төрағасы), Чапаев әкімі Нұртаза Нәбиденов апта сейсенбісінде кезекті тексеру өткізді.

Akzhaik pertiaҚонаев, Әйтиев және Панфилов көшелеріндегі жалпы ұзындығы 2,296 шақырымды құрайтын аталған жолдың осы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Іс кестесінің сақталуы, жөндеу сапасы туралы мердігер «ЕуразияЖолҚұрылыс» ЖШС директоры Руслан Төлеуғалиевпен егжей-тегжейлі әңгіме болды. Сметалық құны 175,291 млн. теңгенің аталған жұмыс қараша айында аяқталады. Сөйтіп, аудан орталығындағы асфальтталған жол көлемі ұлғая түседі.

Сондай-ақ аталған топ Чапаев ауылы округінің Жайық ауылындағы 6 млн. 540 мың 800 теңгеге жасалып жатқан спорт алаңының (мердігер «Урал-СтройТехСнаб» ЖШС) құрылысын көрді. Құрылыс жаңа оқу жылына дейін мәреленеді.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале