13.08.2018, 11:35
Оқылды: 26

Ақжайықтағы мектептерге 45 интерактивті кабинет алынды

Оқушылардың білім сапасы мен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына қатысты Ақжайық ауданында биыл да ілгері қадамдар жасалуда.

Электронды оқыту саласы жетістіктерге сай жасалған көптілді білім беру платформасы «Bilim Media» инновациялық компаниясының білім беру ресурстарына қосылып отыр. Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, мұғалімдердің сабақты тиімді жоспарлауына тигізер септігі мол екені анық. Мектептерді интерактивті құралдармен жабдықтау үшін өткен жылы ауданның шағын жинақты мектептеріне 75 интерактивті кабинет алынса, биыл 9 толық жинақты мектепке 45 интерактивті кабинет алынуда.

Ауданның 17 мектебі өткен жылы роботтық техника ресурстарымен қамтамасыз етіліп, роботтық техниканың элективті курстары енгізілді.

Ауылдық шағын жинақты мектептердегі оқушылардың сапалы білім алуы мен мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім сапасының айырмашылығын қысқарту мақсатында 31 шағын жинақты мектепке 52 «Bilimbook» компьютер-трансформерлері алынды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

сурет ғаламтордан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале