5.04.2019, 12:20
Оқылды: 73

Ақжайықтағы обаға қарсы күрес бөлімшесінде өрт шықты

Сәуір айының 3-інде сағат 08:30 шамасында Ақжайық ауданының орталығындағы Республика көшесі, №68 мекенжайында орналасқан «Чапаев обаға қарсы күрес бөлімі» ММ-нің оқшаулау бөлімшесінде өрт оқиғасы орын алды.

ort

             Тексеру жұмыстарының нәтижесінде өрт қауіпсіздігі техникасы бұзылғаны анықталды. Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттың жанғыш құрастырылымдарында нормамен белгіленген өртке қарсы өңдеулері болмаған. Құрастырылым ағаш контрукцияларына жақын орналастырылған болып шықты. От 12 шаршы метр аумақты қамтыған.

             - ҚР Ішкі істер министрі бекіткен 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 311-тармағы бұзылған. Абырой болғанда, оқиға орнында зардап шеккен адам жоқ,- дейді аудандық ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Еламан Кенжеғали.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале