14.04.2017, 17:51
Оқылды: 40

Ақжайықтағы спорт мерекесі

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта волейболдан әйелдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының көктемгі чемпионаты өтті. Үш күнге созылған ойында облыс орталығынан, аудандардан келген 9 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде І орынды Орал қаласындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің «Грация», ІІ орынды оралдық «Грация-2001», ІІІ орынды Ақжайық ауданы құрамасы командалары иеленді. Жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен кубоктар табысталды.

-Бұл чемпионат жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, Ақжайық ауданы құрамасы, «Грация-2001»,  Бөрлі мен Шыңғырлау командаларының ойыны өте тартысты болды. Орынға ілікпесе де, ерекше атап өткім келетіні - Тайпақ ауылдық округі командасы. Команда мүшелері бір-бірін түсініп, байыппен ойнайды. Осы кездесулерде үздік ойын көрсеткен бөрлілік Анна Вителкина мен ақжайықтық Виктория Макейдің болашағынан зор үміт күтеміз, - дейді облыстық қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлу Ғұбашева.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале