17.05.2017, 14:58
Оқылды: 44

Ақжайықтық 20 кәсіпкер бизнес жоспарын таныстырды

Ақжайық ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың бірінші кезеңі аяқталды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандағы өкілдерінің айтуынша, 1 айлық оқу курсын 32 адам бастағанмен, соның 26-сы бітірді. Қалған алтауы артық сабақтан себепсіз үш күннен артық қалғаны үшін курстан шығарылған.


Курсты ойдағыдай аяқтаған 26 үміткердің 20-сы күні кеше ғана облыстық комиссияның алдында бизнес жоспарларын сәтті қорғап шықты. Жоба қорғағандардың ішінде межелі 18 млн. теңге несиені сұрап отырғандар баршылық. Мысалы, кәсібін қолға алуға ниеттенгендердің бірі  аудан орталығынан салынатын монша құрылысының жобасын ұсынса, тағы бір азамат жылқы малын көбейтуді көздеп отыр. Қорғалған жобалардың 80%-ы ауыл шаруашылығын өрістетуге қатысты  болса, басқасы көлік жөндеу стансасы, дүкен, шаштараз ашқысы келеді.

Қазіргі таңда кезекті оқыту курсына ақжайықтық 65 тұрғын алдын ала тапсырылуы тиіс тестілеуден өтуде. Мұнда үміткерге кәсіпкерлікке бейімділігін анықтау мақсатында логикалық сұрақтар қойылып, 100 сұрақтың 55-іне жауап бергендері оқуға қабылданады. Жоба бойынша үміткерлер саны 15-тен кем болмауы қажет және 75-тен аспауы керек.

-Бұл жобаға қатысуға аудан тұрғындарының ықыласы күн өткен сайын артып келеді. Курста оқыған алғашқы түлектердің үйренгендері көп болды,-дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БҚО бойынша филиалының маманы Әсемгүл Қадырхан.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

                                                                   

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале