5.04.2017, 17:46
Оқылды: 42

Ақжайықтық 21 тұрғынды ит қапқан

Ақжайық ауданы бойынша бүгінге дейін 429 бұралқы иттің көзі жойылған.

Жыл сайын аудан бойынша кем дегенде 800-1000 аралығында бұралқы иттің көзі құртылады. Алайда бұнымен аталған мәселе толықтай шешімін таппай отыр. Оның бірден-бір себебі - Чапаевтың тоғыз жолдың торабында орналасуы. Сәйкесінше, жолаушылар иттерді жолдың бойына лақтырып кетеді. Оның үстіне итін күтіп ұстамайтын жергілікті тұрғындар да мәселені ушықтырып отыр.

Сала мамандарының тұрғындар арасында өткізген кездесулерінен де еш нәтиже жоқ. Былтыр ауданда 90-ға таяу тұрғынды ит қапқан. Биылғы 3 айда бір адамды түлкі тістесе, 3 адамды мысық тырнады, бір адамды түнде белгісіз жануар шапқан, 21 адамды ит қапты.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале