21.08.2017, 17:29
Оқылды: 20

Ақжайықтық кәсіпкерлер оқушыларға көмектесті

Ақжайық ауданы орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның түлектері, бүгінде Атыраудағы ағайынды кәсіпкерлер Асылбек Бақтияров пен Мерұлан Дәулетқалиев аталған білім ұясының 20 оқушысына 150 мың теңгеге сөмке, басқа да қажетті құралдар алып берді.


«Отан» көлік жүргізушілер мектебінің директоры Ербол Сисақов және Қалмақияда кәсіптерін дөңгелетіп отырған ағайындылар, аудан түлектері Ғабит пен Сәбит Қайнеденовтер де Чапаевтағы №1 орта мектептің 13 оқушысына 87 мың теңгеге оқу құралдары мен спорттық киімдер алуға жәрдемдесті. Алғабас орта мектебіндегі екі оқушыға Аманжол Рамашов жетекшілік ететін «Қамыстыкөл», Жақып Садыров иелік ететін «Сарыкөл» шаруа қожалықтары барлығы 75 мың теңгемен қолғабыс берді. Тізе берсек, мұндай мысалдар жетерлік.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале