2.05.2018, 17:53
Оқылды: 54

Ақжайықтық кәсіпкерлер сәбилерге сый жасады

Ақжайық ауданындағы Жаңабұлақ ауылдық округінің тұрғындарын мерекелі мамыр күндері қуантқан мына бір игі жаңалық алысқа жетті.

Кәсіпкер Асқар Қабанов Жаңабұлақ орта мектеп жанындағы «Қарлығаш» атты шағын орталықтың ұзындығы 76 метр алаңына 1 млн. теңгесін  шығарып, әдемілеп қоршап, 2 жаппа (әрқайсы 4х8 м.) салып берді. Бұл іске қол күшімен ауылдық округ  әкім аппараты, мектеп, мәдениет үйінің қызметкерлері, басқа да тұрғындар өз үлестерін қосты. Мысалы, дәнекерлеуші Асқар Журиновтің еңбегі зор болды.

Сәбилердің екінші үйіне сондай-ақ «Талпыныс» шаруа қожалығы жетекшісі Самархан Қажығалиев және «Аймекен» шаруа қожалығы жетекшісі Жақсыбек Құсайынов құны 50 бала тәрбиеленетін «Қарлығашқа» 150 мыңнан 2 теледидар (109 дюм, Смарт-тв) сыйға тартты, ардагер ұстаздар, зейнеткерлер 2 «ОТАU ТV» қондырғысын алып берді. Шағын орталықтың ойын алаңына «Ақбота» шаруа қожалығының мүшесі Марат Ниязалиев пен ауыл тұрғыны Ерсайын Отаралиев өздерінің жүк көліктерімен құм түсіріп берді,- дейді Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айбат Төлегенов.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале