4.06.2018, 11:02
Оқылды: 34

Ақжайықтық оқушылар «Экологиялық патруль» байқауында жеңімпаз атанды

Оралда облыстық экологиялық-биологиялық орталық «Экологиялық патруль» байқауын ұйымдастырды. Шараға барлық ауданнан және қала мектептерінен командалар қатысты. Ақжайық ауданынан Алғабас орта мектебінің «Атамекен» экопатруль тобы қатысып, барлық аталым бойынша үздік деп танылып, І орынды иеленді.

Яғни, «Экологиялық репортаж» – қоршаған ортаны қорғаудағы жұмыс барысынан бейнероликтер, презентациялар, акциялар бойынша 10-сынып оқушысы Таңшолпан Сипаттың жұмысы, үгіт бригадасының «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» атты қойылымымен Мерей Қадыртаев, Лиза Жоламанова, Дулат Мирасов, Баянсұлу Молдашева сынды 8-сынып оқушыларының ізденісі, «Сақтаймыз және қорғаймыз» – табиғатты қорғауға арналған үгіт-насихат қабырға газетінің мазмұны бойынша 10-сынып оқушысы Мөлдір Жұмабаеваның жұмысы оң бағаланды.

Байқау жүлдегерлері облыстық білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды. Оқушыларды осы байқауға дайындаған мектеп директоры Гүлмейрам Кенжеғаринаға, жас маман, биология пәнінің мұғалімі Әсел Сүйінбековаға ризашылық арналды,-дейді білім бөлімінің әдіскері Анар Баймұханова.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале