17.05.2018, 10:40
Оқылды: 21

Ақжайықтық оқушылар жазғы демалыспен түгел қамтылады

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Ақжайық ауданында мектеп оқушылары үшін жаз маусымында әдеттегідей, Шалқар көлі жағасындағы «Ақшағала», Чапаев ауылы іргесіндегі «Жас қыран» шатырлы лагері, сонымен қатар Жамбыл ауылында қоныс тепкелі отырған «Атамекен» лагері жұмыс жасайтын болады.

«Атамекен» осыған дейін көп жыл бойы Алмалы ауылдық округінің аумағында жұмыс істеген еді. Енді Көшім суарнасы жағасына көшіріледі. Бұл лагерь үшін 1988 жылы пайдалануға берілген, яғни бұрынғы Жамбыл орта мектебі, қазіргі негізгі мектеп ғимартының бос тұрған бөлігі пайдаланылады. Қазір мердігер «Жайық Сити» ЖШС жұмысшы-қызметкерлері 50 орынға арналған, 12 бөлме, бірнеше залы бар екіқатарлы осы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуде. Аудандық білім бөлімі тынығушылардың суарнасы жағасында жайлы және қауіпсіз жағажаймен қамтылуы үшін тиісті қам-қарекет жасауда.

Өткен жылдардағыдай, ауданда биыл да мектеп оқушылары жазғы демалыспен түгел қамтылады. Бұл – 6065 бала.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале