19.03.2019, 16:30
Оқылды: 28

Ақжайықтық табиғат сақшылары үздіксіз рейдтер жүргізуде

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі орман заңын бұзушылықпен күрес мақсатында жыл басынан бері 34 рейд өткізді.

aqjayik

Тұрғындар тарапынан тоғайлық алаптарға тұрмыстық қалдықтар төгу оқиғаларының тыйылмай отырғаны табиғат сақшыларын қатты алаңдатады. Жылдың өткен кезеңінде сондай 5 оқиғаға байланысты хаттама толтырылып, кінәлілерден 31 562 теңге өндірілді.

- Бүгінде орман қоры аумақтарында өрт қаупі күшейетін кезеңге дайындық басталды. Сондықтан жасыл желекті қорғау, күзету, алаптарда тазалық сақтау ережесінің мүлтіксіз орындалуын бақылауды күшейттік. Тұрғындарға, шаруа қожалықтарына жадынамалар таратылуда. «Тілсіз жаудың» тайраңдауына тұрмыстық қалдықтар да себепші болатыны мәлім. Оны көбіне табиғат сақшыларының көзін бағып, түнделетіп төгіп кететіндер аз емес. Біз уақытпен санаспай, шолуларды жалғастырудамыз,- дейді мекеме директорының орынбасары Ақылбек Әлсейітов.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале