23.05.2018, 12:11
Оқылды: 52

Ақжайықтық түлектер туған ауылына тарту жасады

Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі орталығының көркейе түсті.

Бұған осындағы Ғабдолла Махамбетов атындағы мектептің  2008 жылғы түлектері атсалысты. Олар «Жүрегіме ыстық Базаршолан»  атты тақта орнатты. Самараның әйгілі тасы, басқа да мықты дүниелер пайдаланылған оған түлектер жарты миллионға жуық ақша шығарды, маңайына заманауи шамдар орнатты.  Ауылдықтар осындай сый үшін белсене атсалысқан Талғат Биманов, Аслан Мұқсинов, басқа да барлық түлекке зор ризашылықтарын арнады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале