11.01.2019, 15:06
Оқылды: 53

Ақжайықтық жастар 12 ауланы қардан тазартты

Ақжайық ауданындағы жастар, мектеп оқушылары жалғызілікті қариялар мен мүмкіндігі шектеулі отбасылардың аулаларын қардан тазартуға жәрдемдесуде.

3

         Мысалы, осы аптада ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар бастап, қыз-жігіттер, сондай-ақ «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері әр ауылдағы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берді. Айталық, Ақжол, Ақсуат, Мерген, Құрайлысай жастары екі күнде барлығы 12 ауланың қарын тазартты. «Жас ұлан» ұйымының аудандық атқарушы хатшысы Зәмзәгүл Дамирқызының айтуынша, Чапаевта 40-тан астам ұл-қыз 17 ауланы мұздан, сіреуден арылтты. Есенсайлық жастар Жайықтың сол жақ бетіндегі жолда қар құрсауында қалған 4 көлікке көмектесіп, Есенсайдан Мерген ауылының тұсына дейінгі 22 шақырым жолды техниканың көмегімен ашуға көмектесті.

Рахмет Қали

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале