4.06.2018, 10:25
Оқылды: 12

Ақжайықтықтардың бастамасымен ауылда спорт алаңы салынуда

Ақжайық ауданының Алғабас ауылында «Жаңа спорт алаңы керек»,- деген әңгіме біраздан бері айтылып жүрген. Туған жерге қамқорлық жөнінде жер-жерде өріс алған бастамалар алғабастық жастарды, атажұртқа жанашырларды, кәсіп иелерін сөзден іске бастады.

Сөйтіп, олар құны 5 млн.теңге шамасындағы спорт алаңын салуды қолға алды. Көлемі 16х32 метр болатын бұл құрылысқа қажетті дүниелердің сапалы болуын, ауылға жеткізілуін республикаға мәлім «Сәбит» шаруа қожалығының жетекшісі Ерболат Құрманғалиевтің өзі қадағалауда.

Айта кетейік, Ерболат Құрманғалиев ауылдағы Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігіне арналған ескерткіш аумағына заманауи тұрғыда қоршау орнатуды да жоспарлады.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале