22.06.2018, 11:40
Оқылды: 27

«Ақжайықтың қасиетті орындары» форумы қатысушылары Жәнібекте болды

IMG_0137Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығымен, БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 18-23 маусым күндері аралығында, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында «Ақжайықтың қасиетті орындары» республикалық өлкетанушылар форумы өтуде.

Жайықтың қасиетті жерлерінің жүйелі түрде  ғылыми  зерттелуіне жол ашу мақсатында өтіп жатқан форумға еліміздің әр өңірлерінен  өлкетанушылар, тарихшылар, музей саласының мамандары Орал қаласында бас қосқан болатын.

Бүгінде аталмыш делегаттар қасиетті орындармен танысу үшін туристік сапарға шығып, Жәнібек ауданынада ат басын тіреді. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, ауылдың ақсақалдары, ақ әжелер, рухани ошақ қызметкерлері және аттылы жігіттер қонақтарды жолдан қарсы алып, ақтан дәм татқызды. Ауданымыздың мақтанышы, айтыскер ақын Назгүл Кәрімова қонақтарға Ғұмар елі хақында арнауын төгілтсе, зейнеткер  Меңсұлу  Жұмақұлова да жүрегінен шыққан жыр шумақтарын оқып берді. Әрмен қарай қонақтар Ғұмар Қараштың  ескерткішіне бет алды. Мұнда аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы қонақтарға қош келдің айтып, «Киелі жер» жобалары бойынша  жалпыұлттық  маңызы бар қасиетті  100 нысанға Батыс Қазақстан облысы бойынша  Ғұмар Қараш қорымының енуі, ақынның туған жерінде кесенесінің тұрғызылуы хақында баяндады.

Өз кезегінде сөз алған БҚО мәдениет басқармасының  бөлім басшысы  Гүлмира Қауланова форумның мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ жиналған қауымға  Борсыдан арнайы келген оқушылар, көркемсөз шеберлері Дарын Дияр, Асылан Құзайыр, Гүлнар Жұмаш Ғұмардың өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді.

Баба рухына  тағзым ретінде  гүл шоқтарын қою рәсімі аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен БҚО мәдениет басқармасының  бөлім басшысы  Гүлмира Қаулановаға,  «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен Павлодар қаласының өкілі Ерлан Рахимовке, аудандық қоғамдық кеңес  төрағасы Бекет Әліпқалиев пен Қостанай қаласының өкілі Эльмира Алшимоваға берілді.

Шарадан кейін қонақтар БҚО тарихи-өлкетану музейінің  аудандық музей бөліміне барып, құнды жәдігерлермен танысты.

Ә.Қуанғалиева,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале