25.12.2017, 17:30
Оқылды: 47

«Алаш идеясы һәм Ғұмар феномені» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

 

Қазталов ауданы Қараоба мектеп-гимназиясында Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

Конференцияға келген қонақтар Ғ.Қараш ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи-өлкетану мұражайы мен мектеп оқушыларының көрмесін аралады.

Филиология ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, ҚР Білім беру саласының үздігі Тынысбек Қоңыратбаев ғаламтор арқылы онлайн байланысқа шығып, қараобалықтарға тілегін жеткізді.

Шара барысында ғалымдар «Батыс Қазақстан өңірінің зиялысы - Мəжит Шомболов», «Ғұмар Қараш - қоғамдық-саяси тұлға», «Алаш қозғалысының тарихи тағылымы», «Рухани жаңғыру: Алаш идеясы жəне азаттық сабақтастығы» тақырыптарында баяндама оқыды. Сондай-ақ Жəнібек ауданы «Шұғыла» газетінің редакторы Ахмедияр Батырханов Ғұмар Қараш Қараоба мектеп-гимназиясының директоры Руслан Жұмағұловқа 1942 жылы Жəнібек ауданы Тау ауылдық кеңесі Қандықұдық елді мекені тұсына құлаған Қызыл Армия ұшағының қалдықтарын табыс етті.

Конференция «Ұрпағың ұлықтайды Ғұмар баба» атты ашық тəрбие сағатымен жалғасып, мектеп оқушыларының «Бала Ғұмардан - Дана Ғұмарға дейін» қойылымы тамашаланды. Конференция «Туған елім – тірегім» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале