8.03.2017, 19:14
Оқылды: 47

Әлемнің әсем әшекейі – әйелдер!

received_1267862583263100-1Ақсайда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Алдияр Халелов әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады.


«Бүгінгі таңда әйелдер экономикамыздың барлық саласында жұмыс істеп, басшылық қызметтің бел ортасында жүріп, мәселе шешудегі жауапкершілігін сенімді атқарып келеді.

Көптеген қыз-келіншектердің мемлекеттік басқару жүйесінде мәдениет, денсаулық салаларының, білім және ғылымның дамуына атсалысып жүргендерін атап өтуге тиіспіз. Сонымен қатар олар бүгінде түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, әлеуметтік жобалар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Міне, осы арқылы әйелдердің от басы, ошақ қасында бала бағып, тәрбиелеумен ғана айналысып қоймай, қоғамда да ойып тұрып өзіндік орнын ала алатындарын көріп отырмыз.

Көктемнің тамаша мерекесі қарсаңында барлық аналарға, апа-қарындастарға және қыз-келіншектерге ризашылығымды білдіремін!» - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Аудандық демалыс орталығында мерекеге арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты – ұлылық!» атты мерекелік кеште 8 наурыз мерекесін атап өту дәстүрі бойынша аудан әкімі Алдияр Халелов өңіріміздің өркендеп, дамуындағы қол жеткізген табыстарға қосқан үлесін, ерлік істері мен зор еңбектерін бағалап, құттықтап, марапаттар табыс етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпанда №419 Жарлығымен көп балалы ана Күләш Илиясова «Алтын алқамен» марапатталса, Ғ.Баймұқашева, О.Ташимова, Г.Атаева, В.Асанова, А.Идалиева, Л.Букашева, Д.Мамырбаева, И.Малышкина, А.Куаншалиева, В.Тарасенко, Л.Туреева, А.Искакова, Д.Каримова, А.Иманғалиеваларға аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале