30.07.2020, 19:51
Оқылды: 60

Алғабас мектебін жөндеуге студенттер де тартылған

Ақжайықтың Алғабас ауылында осыдан 36 жыл бұрын негізі қаланған білім ордасы бүгінде күрделі жөндеуден өтуде. 2005 жылдан бері әрлеу көрмеген 281 орындық ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында осы жылдың мамырында басталды.

C5EDEAEB-B232-4BD1-A45A-F709512109A5

Мердігер болып танылған «БАТЫССТРОЙ-ИНВЕСТ» ЖШС-і жұмыстардың басым бөлігін тәмамдауға жақын, жаңа оқу жылына дейін білім ошағы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың есік терезелері, шатыры түгелдей ауыстырылып, жылыту жүйесі, электр желісі, кәріз жүйесі жаңартылды. Қазіргі уақытта мектептің сыртқы қабырғалары қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Бір қуаныштысы, осы жұмысқа ауыл тұрғындарымен қатар студенттік құрылыс жасақтары да тартылды. Жалпы, ауылдық округте жұмыссыздар есебінде тұрған 69 азамат мектептің күрделі жөндеуіне араласты. Ал 9 жігіт аталмыш жасақтың құрамында нысанның қайта жаңғыруына өз үлестерін қосты. Олардың алтауы өз жерлесіміз болса, үшеуі көршілес Бударин ауылынан», – дейді ауылдағы жастар ісі жөніндегі кеңесші-маман Мархабат Серік.

Осылай алғабастық оқушылар мен ұстаздар қауымы жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақшы.  Берекелі  істің сәтті аяқталуы алдағы күндердің еншісінде.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале