26.12.2017, 12:17
Оқылды: 71

Алғабас мектебіне күрделі жөндеу керек

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аудан әкімдігінің ашық есігі күндері аясындағы Алғабас ауылдық округіндегі кездесуге қатысты.

Алғабас ауылдық округі - «Батыс Қазақстан облыстық электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ Сырым аудандық электр торабының қызмет аясына кірмейтін округтің бірі. Десек те бұл төңіректегі мәселені шешуді ұйымдастыру – аудан басшылығының мойынында. Әңгімені бұған тіреп отырған себебіміз, жергілікті тұрғындардың айтуынша, округ орталығында жарықтың сөнуі жиілеген. Ауылдағы Мәдениет үйінің электр жүйесіне де жаңадан жөндеу жұмыстары керек. Округтің электромонтері жарықтың жиі сөнуін ауылдағы бір трансформатордың істен шығуы себебінен деп түсіндіріп отыр. Аудан басшысы Төлеген Төреғалиев мәселені назарға алатын болды.

Округ тұрғындары осы сияқты ауылдан сүт қабылдау пунктерін ашу, ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мен ауылға техникалық су тарту мәселелерін көтеруде. Тұрғындардың жеке мәселелеріне де жауап берілді.

Округтің орталығындағы М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебі күрделі жөндеу сұрап тұр. Мектеп кабинеттері былтыр 5 жаңа компьютер, 20 парта, 5 дана интерактивті тақтамен толыққан болатын. Биылғы жылы ауыл мектебінің ауласы жаңартылып, кіреберіс бетіндегі 525 шаршы метр алаңға өрнектас төселді. Мектепте бүгінгі күні мектепалды даярлық сыныбын қоса есептегенде, барлығы 271 бала білім алады. Мектеп кабинеттері әлі жаңа жабдықтауды, заманауи білім үрдісіне бейімделуді қажет етеді. Күрделі жөндеуге сұраныс осыдан  туып отыр. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев мектептің жағдайымен танысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Алғабас ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале