24.01.2019, 10:36
Оқылды: 34

Алғабаста 76 бас ірі қара бордақылануда

Сырым ауданы Алғабас ауылдық округіндегі «Миллат» шаруа қожалығында қараша айынан бері 76 бас ірі қара бордақылануда.

 millat bord (2)

         -Бордақылаумен 3 жылдан бері айналысып келемін. Бордақылау маусымынан өткен малдардың салмағы алды 180 келіден бастап әрісі 400 келіге дейін құрайды,- дейді қожалықтың жетекшісі Миллат Қадыралин.

         Өзінің жұмысын 2002 жылы бастаған қожалық егін шаруашылығына да епті. 1000 гектар егістік алқап қожалықтың қамбасын құр қалдырып көрген емес.

Егін егіп еңбектеніп, мал бордақылап бейнеттенген шаруашылық биылдан бастап асыл тұқымды мал шаруашылығына да кәсіби түрде кіріспек.          «Миллат» қожалығы жуырда Алғабасқа Тасқаладан қазақтың ақбас тұқымды сиырларын алып келеді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале