16.08.2018, 17:48
Оқылды: 55

Алғабастағы ескерткіш жаңартылды  

 

Akzhaik Algabas (1)Ақжайық ауданындағы Алғабас ауылында азаматтардың бастамасымен Ұлы Отан соғысының қаһармандарына арналған ескерткіштің қоршауы жаңартылды.


 

Ескерткіш қоршауының жалпы аумағы 70х40 метр. Оны жаңғыртуға Алғабастан шыққан белгілі кәсіпкерлер – ағайынды Мереке, Мирболат, Ерболат Құрманғалиевтар атсалысты. Олар өз қаржыларынан 1 млн. теңге бөліп, ескерткіштің қоршауын мүлдем жаңалады. Бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоғын қоюдан басталған шарада алыс-жақыннан қуанышқа ортақтаса келген ағайын Алғабастағы осындай алымды істерге риясыз көңілден ризашылықтарын арнады.

Ауыл әкімі Темірболат Есенғалиев Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай жүзеге асып жатқан ажарлы істерді әңгімелеп берді. Еңбек ардагері Мереке Құрманғалиев Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігіне әрдайым тағзым ету перзенттік парыз болып табылатыны жайында тебірене сөз саптады.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Фото Нұрхат МАҒЗОМ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале