24.01.2019, 10:33
Оқылды: 35

Алғабастың кірме жолы жөнделеді

Биыл Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінің орталығына баратын 2 шақырымдық кірме жол жөнделетін болды. Құны 194, 5 млн. теңгені құрайтын жобаның орындаушысы да анықталды. Бұл туралы өзінің есептік баяндамасында Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменов мәлімдеді.

algabas (4)

         Алғабас ауылдық округінде шешімі табылмай тұрған екі мәселе болса, оның біреуі М.Қаналиев атындағы Алғабас мектебінің күрделі жөндеуі. Жөндеу жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттар дайындау ісі де қаржының мүмкіндігіне байланысты кейін шегерілген. Осы сияқты округтегі жоғары білімді дәрігерге деген зәруліктің де әзір шешілер түрі жоқ. Оны ауданның бас дәрігері Роза Тахамбетованың өзі айтты.

         Округтегі жиында тұрғындар мәдениет үйінің техникалық базасын жаңарту мәселесін көтерді.

         Жиналысқа қатысушыларға Сырым ауданының 2018 жылдағы әлеуметтік-экономикалық әлеуеті фильм арқылы көрсетілді. Қосымша мәселелерді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев өзінің хабарламасында айтты. Жиналыстан кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Алғабастықтарды негізінен тұрғын үй тапшылығы мен жұмыссыздық мазалауда.

         Аудан әкімі Алғабас ауылдық округіндегі жұмыс сапары барысында жеке кәсіпкер Айгүл Бақтиярованың «Айша» дүкенінде болды.

algabas (2)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале