30.01.2018, 16:30
Оқылды: 19

Әлі күнге құжатсыз жүретін көлік иелері кездеседі

 

Ақжайық ауданында «Автобус» рейдтік іс-шаралары өтуде.

Жедел шаралар барысында жүйелі жолаушы тасымалдауға тиісті келісімшарттардың, маршруттарға қызмет көрсету құқығына куәліктің болуы, басқа да талаптардың орындалуы тексерілуде.

– 22 қаңтардан бері 18 әкімшілік хаттама толтыруға тура келді. Айталық, әлі күнге тиісті құжатсыз жүретін көлік иелерінің кездесіп қалатыны қынжылтады. Сондай бір жүргізуші, сонымен қатар рөлде келе жатып телефон пайдаланған 6, маневр тәртібін бұзған 5, жылдамдықты асырған 4, көлігі техникалық байқаудан өтпеген 2 жүргізушіге айыппұл салынды, - дейді мемлекеттік аға автоинспектор, полиция майоры Сәкен Қазжанов.

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале