8.08.2017, 16:07
Оқылды: 22

Алимент төлемеген зеленовтық 6 тұрғын уақытша қамауға алынды

Бас прокуратураның «Алимент. Төлемеушілерге қарсы 30 қадам» жобасы 2016 жылдың қазан айынан бері іске асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты - жауапкершіліктен қашып жүрген қайырымсыз әкелерді жауапқа тартып, олардың санын азайту.  


Аталған жоба аясындағы жұмыстар Зеленов аудандық прокуратурасында да қолға алынған. Жоба аясында аудандық прокуротура мамандары балалары алдында қарызы бар азаматтарды қадағалауда.

Қазіргі таңда әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы бойынша 6 адам уақытша қамауға алынса, 6 азамат жүргізуші куәлігінен уақытша қол үзген. Сондай-ақ 76 «қайырымсыз әке» алимент төлемейінше, ел аумағынан шығу құқығынан айырылыпты. Бұдан бөлек, жауапкершіліктен қашып жүрген бірқатар әкелердің үстінен қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

Прокуратура мен ішкі істер бөлімі жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде 2 адам қылмыстық Кодекстің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Былтыр мұндай жазаға тартылған азаматтар болмапты.

 Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале