26.10.2018, 16:47
Оқылды: 66

Алма Оразбаева атындағы мектептің түлектері игі іс жасады

Қайырымдылық айы аясында Қазталов ауданы орталығында Алма Оразбаева атындағы білім ордасын 1998 жылы бітірген түлектер көпбалалы отбасыға көмек беріп, жаңадан салған үйлеріне таза ауызсу мен көгілдір отын кіргізіп берді.

IMG_9674

Қазталов ауылында тұратын Мирас Меңдіғұлов пен Райхан Діленова 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы - жас отбасы. Меңдіғұловтар жанұясы осыдан екі жыл бұрын шағын үй салып алған. Үйге табиғи газ бен су тартуға қаражаттары болмағандықтан тамыз айында аудан әкімі Абат Шыныбековтің қабылдауында болып, көмек сұраған. Осы мәселеден құлақдар болған ауыл тұрғыны Сабыржан Ізбасаров жас отбасыға көмек көрсетуді қолға алады.

– Аудан әкімінің қабылдауына келген жас отбасының жағдайы мені ойландырып тастады. Жеті бала өсіріп отырған отбасы көгілдір отын мен су болмай қиындық кешіп жатқанын естігеннен кейін, жан-жақта жүрген сыныптастарыма хабарласып, жанұяға көмектесуді ұсындым. Құрдастарым бір ауыздан қолдады. Қаржылай 200 мың теңге жиналып, Мирастың үйіне көгілдір отын мен таза ауызсу жүйесін тарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жаңа газ плитасын алып бердік. Осы жұмыстарды атқаруда белсенділік танытқан аудандық газ шаруашылығы мекемесіне алғысым шексіз,- деді.

Міне ауыл азаматтарының ұйымшылыдығы мен қамқорлығының арқасында көпбалалы жас отбасының әлеуметтік мәселесі шешімін тапты.

– Қолдау білдірген аудан басшысына, қаржылай көмек көрсетіп, газ бен су өткізуге көмектескен мектеп түлектеріне алғысымыз шексіз. Жомарт жандардың жұмысына жеміс, отбасыларына бақыт тілейміз, -дейді Мирас пен Райхан.

IMG_9671 IMG_9676

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале