23.02.2017, 15:39
Оқылды: 31

Алматыдан олжалы оралды

Жуырда Алматы қаласында «Ұлы дала дарыны» атты І республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауы және телевизиялық жобасы өтті. Өнер додасына Зеленов ауданы Белес мектебінің оқушылары да қатысып, жүлделі оралды.

«Хореография» аталымы бойынша «Сиқырлы жұлдыздар» би тобы І дәрежелі лауреат, ұлттық аспапта «Ерке сылқым» күйін орындаған Ержан Абуов ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

Ал ән айтудан Арина Ермекқалиева мен Қарақат Жолдығали «Көрермен көзайымы», көркем сөз оқудан Айым Жәрдемғали мен Мадина Қосанова «Үркер үміті» аталымдарына ие болды.

Жас өрендерді өнерге баулып, шығармашылығын шыңдап жүрген Алмагүл Хаметова, Алма Нұғманова, Роза Өтежанова, Аяжан Искақовасияқты жетекшілердің еңбегі зор.

 

Д.БЕРІШ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале