4.12.2017, 17:02
Оқылды: 20

Алматыдан жетістікпен оралды

Алматы қаласындағы «Нұрлы жастар» қоры ұйымдастырған «Нұрлы жастар – болашаққа жол бастар» республикалық байқауынан Ақжайық ауданы оқушылары табысты оралды.

Тайпақ балалар музыка мектебінің оқушылары Ұлболсын Өтепберген домбыра аспабы бойынша орта топтың арасынан бас жүлде, Айару Өтепберген мен Ілбішін ауылындағы Қаршы орта мектебіндегі филиалдың оқушысы Ақжүніс Мұхамедьярова қобыз аспабы бойынша І орынды иеленді.

Осындай жас жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болса, ұстаздары Бейбіт Асылан, Нұрия Сексенғалиева және Нұрғаным Өтеғалиева Алғыс хатпен марапатталды.

«Жас өнерпаздардың республикалық байқауға қатысуына көмек қолын созып, демеушілік жасаған аудандық мәслихат депутаты, «Мұқадес» шаруа қожалығының жетекшісі Ақылбек Сағитов, «Әділ» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Әділов сынды азаматтарға ризашылығымыз зор»,-дейді Тайпақ балалар музыка мектебінің директоры Ғайнижамал Әділова.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале