4.04.2017, 15:15
Оқылды: 45

Алматылық дәрігерлер березовтық балаларды тексеруде

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының мамандары Березов ауылының балаларын тексеруден өткізуде. Жалпы 44 баланың денсаулығын тексерген дәрігерлер ауыр дертті анықтамағандағын айтуда. Дегенмен балалардың біразында тыныс алу жүйесінің аурулары бар екен.  Алматылық дәрігерлер балалар мен олардың ата-аналарына қажетті кеңестер мен қабылдайтын емдерін  жазып берді.   

Кеңестік-тәжірибелік көмекті педиатр, кафедра профессоры Т.М.Иманбаева, кардиоревматология бөлімшесінің меңгерушісі Ержанова Г.Е., онкогематология бөлімшесінің психологы Нүсіпжанова К.К., невролог Сарбасова К.С. көрсетіп жатыр.

Куаныш САРБАСОВА,  дәрігер-невролог:«Жоспарлы түрде өткізіліп жатқан тексеріс бірқалыпты өтуде.  Балалардың денсаулығы жақсы. Ауруы асқынғандар жоқ».

Светлана ВОСКОБОЙ, тұрғын: Білікті мамандар біздің балаларымызды тексеріп, ем-домына қажетті дәрілерді жазып беруде. Мұндай тексерістер осымен тоқтап қалмай, Астана қаласындағы дәрігерлер де балдырғандарды қабылдайды деген сенімім мол».

Бұл бағдарлы жүріп жатырған жоспарлы жұмыс, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Жұмағұлова.  Ана-аналардың шағымдары мен балалардың жағдайын қадағалаған Нұржамал Шамғонқызы бұл тексерістер тек Бөрлі ауданында емес, облыстың өзге аудандарында да өткізіліп тұратындығын жеткізді.

Айта кетейік, облыс мамандары Березов ауылының балаларын 2016 жылы екі рет толыққанды тексеруден өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале