14.07.2020, 15:31
Оқылды: 784

Алматылық кәсіпкер туған жеріне 1 млн. теңге қаражат аударды

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округіне қарасты 10 шақырым жердегі Сарыөзеннен ауылға су айдауға аталмыш ауылда туып-өскен кәсіпкер азамат Махамбет Пайдин 1 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

CF17E1FC-A117-4655-81B7-FE4D3FD21C0F

Балалық шағын Жақсыбайда өткізген Махамбет Оңалбайұлы бүгінде Алматы қаласындағы «Номадгеосервис» компаниясының бас директоры болып қызмет атқарады.

- Ауылдан 10 шақырым жердегі Сарыөзен бойында мотор мен насос орналасқан. Арық арқылы ауылға су айдау тәулігіне 200 литр жанар-жағармай жағады.

Жақсыбай ауылының тумасы, белді кәсіпкер бүгінгі таңда 1 айға жететін жанар-жағармай үшін 1 млн. теңге көлемінде қаражат аударды.

Ауылдан шыққан азамат Махамбет Оңалбайұлына туған жерге деген жанашырлығы үшін ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамыз.

Ауылымызда құрғақшылыққа байланысты көптен бері өзен тартылып қалды. Дәлірек айтқанда, арық кеуіп, он бес жылдай жүрмеді.

Негізінен алғанда, күнкөрісі мал шаруашылығынан тұратын ауыл тұрғындары иелігінде 5 500 ірі қара, 9000-ға жуық қой-ешкі, 1500 жылқы бар.

Бүгінгі таңда ауылға 10 шақырымның 9-ына насоспен су айдалды. Енді бір шақырымдай қалып отыр. Арықтан келген су сайға түсу үшін су айналымына бір айдай уақыт кетеді. Сонда ғана Жақсыбай қалпына келеді, - дейді Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев.

Айта кету керек, алматылық кәсіпкер Махамбет Оңайбайұлы судың қалыпты қозғалысы үшін алдағы уақытта насос пен мотор алып беруді де жоспарлап отыр.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале