29.06.2018, 17:12
Оқылды: 23

Алтай Көлгінов Ақжайық ауданындағы құрылысы аяқталған мектепте болды

DSC_0239Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық ауданына қарасты Шапдаржап ауылындағы құрылысы аяқталған мектепте болды.

Аталмыш ауылда былтыр тамыз айында басталған 198 орындық жана мектептің құрылыс жұмыстарына «Қарашығанақ Петролеум Оперетейнг» компаниясы есебінен 635,7млн.теңге қаражат бөлінген.

-Харькин орта мектебінде 35 мұғалім жұмыс жасайды. Заманға сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген мектепке жаңа оқу жылында 160 оқушы келеді деп жоспарлануда.

Мұғалімдердің сапалық құрамы өте жақсы. Жаңа мектепте тек балаларға ғана емес мұғалімдердің де жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалған.  Болашақта балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі үйірмелер іске қосылмақ.

Сондай-ақ бұл жерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған арнайы алаң бар. Психолог кабинетінде де баланың мінез-құлқынына сай жұмыс жасауға қажетті бар жағдай жасалған. Жаңа асханамыз 42 орындық. Экологиялык тәрбие беру мақсатында «Қысқы бақ» алаңы бар. Биыл ҰБТ-дан жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Үш түлегіміз «Алтын белгі» иегері атанды, -дейді Шапдаржап ауылындағы Харькин орта мектебінің директоры Бекзат Гилыманқызы.

DSC_0140Мектеп құрылысын жүргізген мердігер «Наурыз» ЖШС директоры Азамат Ғұбайдуллиннің айтуынша, жыл бойы қарқынды жүрген құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Құрылысшылардың басым бөлігі жергілікті ауыл тұрғындары. Тек күннің тым ыстықтығына орай көгалдандыру жұмыстары күзге қалдырылған. Құрылысы біткен мектеп нысанын аралап көрген облыс басшысы заман талабына сай салынған білім ошағына оң баға берді.

Ақжайық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырған әкім Әділ Жоламанов Шабдаржап және Томпақ ауылдарына ауыз су құбырын тарту  жұмыстары басталғанын атап өтті. Бұл жобаға республикалық бюджеттен 445,7 млн.теңге (2018 жыл бөлінген қаражат – 92,5 млн.теңге) қарастырылған. Нәтижесінде екі ауылдың 1000-нан астам тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

Фото Нұрбек Ихсан

 DSC_0296 DSC_0240 - копия DSC_0048 - копия

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале