6.02.2019, 17:36
Оқылды: 25

Алтай Көлгінов: "Бәйтерек ауданының табысы көңіл қуантады"

Бәйтеректік тұрғындар алдында өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстарға аудан басшысы Асхат Шахаров есеп берді. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

IMG-20190206-WA0099

- Елбасымыздың сындарлы саясаты арқасында "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" бағдарламасының, бес əлеуметтік бастаманың ел-жұртқа тигізіп отырған пайдасы мол. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көптеген тұрғын үй салынуда. Облыста тұрғын үй кезегінде 20 мың адам кезекте тұр.
Осы бағытта "Қолжетімді баспана" бағдарламасының маңызы ерекше. Бүгінде елімізде жастарға көп мүмкіндік бар. Жастар ол үшін білімді болуы керек. Жастар тек білімді ойласа, қалған жағдайды мемлекеттің өзі жасап беріп жатыр.
Бəйтерек ауданының ауқымы кең. Өте көп халық тұрады. Халқы өте еңбекқор. Табыстары көңіл қуантады.
Əсіресе, көпке танымал кəсіпкер Бейбіт Асановтың еңбегін ерекше атауға болады. Бейбіт Батниязұлының еңбегі көпке үлгі.

Дариянда мектеп-гимназия салынды. Интернаты бар. Бұл мемлекеттің бүгінгі ұрпаққа жасаған тамаша тартуы.
Дариян - жанға жайлы мекен. Табиғаты керемет. Шолохов атындағы музей тым-тəуір жұмыс жасап тұр.
Мамандарды ауылға тартуымыз керек. Жастар ауылға барғысы келмейді. Сол себепті "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясындағы жұмыстарды қарқынды жүргізуіміз қажет, - деді А.Көлгінов.

IMG-20190206-WA0098

Ертай Бимұханов,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов
Бəйтерек ауданы

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале