13.10.2017, 16:25
Оқылды: 9

«Алтын Дала -  2017» туриадасы өтті

Биылғы жыл Жаңақала ауданында туризм жылы болып жарияланды.

Осы туризм жылына орай 11-12 қазан күндері Жаңақала аудандық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен, жыл сайын дәстүрге айналып отырған аудандық «Алтын Дала – 2017» туриадасы өткізілді.

Туриаданың ашылуында сөз алған Жаңақала аудандық жас туристер станциясы  директорының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Досболатқызы  жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Туриадаға қатысу керек 14 команданың ішінен 7 мектептің командалары ғана қатысты.

«Өткелдер қашықтығы», «Спорттық бағдарлау», «Туристік кедергілер жолағы», «Туристік əн» бағамдары бойынша командалар тартысқа түсті.
Жарыстың қортындысы бойынша жалпы командалық есепте l орынды Жаңақала мектебінің командасы иеленсе, ll орынға Ə.Жангелдин мектебінің командасы ие болды. Ал lll орын Жаңақала мектеп-гимназиясының командасына бұйырды.

Барлық жеңімпаз командалар дипломмен жəне сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық кезеңде жеңімпаз команда бақ сынайтын болады.

 А.ТҰРМҰХАШЕВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале