11.01.2017, 12:23
Оқылды: 20

«Алып анадан туады»

terekti-alip-anadan-tuadi  Теректілік намазхан қыз-келіншектер мен ақ жаулықты әжелер адамзат тарихындағы ең ұлы тұлға Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күнін өз деңгейінде атап өтті.

  «Алып анадан туады» атты рухани кешті аудандық мешіттің бас имамы Халықбек Сыдиков киелі Құранның сүресін оқумен ашса, Тілеген қажы Какимова әжеміз ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ақ батасын берді.


  Салиқалы кеште А.Дүйсенова Пайғамбарымыздың дүниеге келуі жөнінде тың деректер келтірсе, К.Шамгонова Хадиша анамыздың өмірінен сыр шертті. Оның ақылдылығын, күйеуін кез келген жағдайда қолдап, жанұясының берекесі бола білгенін жастарға үлгі етті. Содан соң А.Айтқалиева ақын Күләш Ахметованың «Жаратқанға жалбарыну» өлеңін мәнерлеп оқып, Пайғамбарымыздың бөлшегі іспеттес Фатима анамыз жөнінде деректер келтірді. Келін мен ененің қарым-қатынасын бейнелеген көрініс (ене рөлінде Қаным Бисенғазиева, келін – Мөлдір Нұрланқызы) көрерменге ой салды. Орамал тақпай, бетіне 10 тонна бояу жаққан келініне қазақ әйелдерінің образын сөз құдіретімен жеткізген енеге іштей риза болдық. Екеуінің татуласқаны да жанымызға балдай жақты.

  Жиында әйелдер жөнінде бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың өмірінен сұрақтар қойылды. Айша және Ая есімді кішкентай бүлдіршіндеріміз ислам діні жөнінде өлеңдерін оқыды.

  Кеш соңында Дариға қажы Бекетова апамыз бес парыздың бірі - қажылық кезіндегі көрген-білгенімен бөлісті.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале