4.09.2017, 16:37
Оқылды: 61

Амбулатория жаңартылды

Zelenov Ambolutoria   Зеленов ауданы Көшім  ауылдық  округіне қарасты Үлкен Шаған ауылында күрделі жөндеуден өткен дəрігерлік амбулатория ашылды. Халық игілігіне берілген емдеу мекемесі ғимаратының салтанатты ашылуына аудан əкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, ауылық округ əкімі Ербол Сидағалиев, ауыл тұрғындары қатысты.


     Халық қуанышын бөлісе келген Асылұлан Тұрсынұлы құттықтау сөзінде: -Ел үкіметі халық денсаулығын қашан да бірінші орынға қояды. Соңғы жылдары ауданымызда емдеу мекемелері жөнделіп, бірнеше округта дəрігерлік амбулаториялар салынғандығын білесіздер. Осындай игі істердің жасалып жатқаны Елбасының сарабдал саясатының арқасы,-деді.

     Ел бюджетінен бөлінген 21 миллион қаржыға өнделген амбулаторияда халыққа қажеттінің барлығы бар. Бұрын жетіспеген дəрігер де жұмысын бастап кеткен. Ғимараттың жөндеу жұмысын жүргізген «Жолаушы жол» ЖШС-не деген ауыл халқының алғысы зор.

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале