19.04.2017, 16:49
Оқылды: 37

«Ән салсаң, Әсеттей сал...»

Егіндікөлдік өнерпаздар Алматы қаласында өткен ақын, әнші-композитор Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған І республикалық «Ән салсаң, Әсеттей сал...» байқауының жүлдегерлері атанды.  


Егіндікөл орта мектебінің 8-сынып оқушылары  Гүлсезім Тілеген «Салиха - Сәмен» дастанын мәнерлеп оқып ІІІ орынға қол жеткізді.  Сонымен қатар 9-сынып оқушысы Ерхат Мақсотов «Қоңырқаз» әнін нақышына келтіре орындап  ІІІ орынды иеленді.

Жүлдегер оқушылардың жетекшісі Сана Бозшиеваның айтуынша, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырған өнер сайысына қатысушылар ән, күй, мәнерлеп оқудан сынға түсті.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале