6.10.2017, 15:40
Оқылды: 70

«Ана мен бала» демалыс саябағы ашылды

Зеленовта «Ұлы дала ұлағаты»  тақырыбымен аудан күні мерекесі басталды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп жатырған аудан күнінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен «Ана мен бала» демалыс саябағы ашылды.

Жайық өңіріне танымал халықаралық, республикалық, байқаулардың жеңімпаздары Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Бақтығали Оразовтың «Дәуір ағашы», Қайыр Оразғалидың «Бала»,  жерлес мүсінші Ерғали Бекешевтің «Ана», «Нар қобыз» туындылары қойылып, субұрқақ іске қосылды.

Ұлттық нақышты туындылармен безендірілген саябақтың ашылу рәсіміне ауданның құрметті қонақтары мен Ресей Федерациясының көршілес Ташла, Первомай, Перелюб аудандарынан арнайы келген меймандар мен Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары делегаттары, ауданның өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров халықтың қуанышымен бөлісе келген меймандарға қош келдің айтып, туған жердің көркеюіне еңбегімен үлес қосып жүрген жерлестерге ризашылығын білдірді.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале