1.02.2019, 17:26
Оқылды: 50

Аналар кеңесі «Сарқыт» берді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Сарқыт» акциясы өткізілді.

 qaratobe (2)

Акция аясында аудандық мәслихат депутаты Н.Меңдешов, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Берниязова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Н.Соқатова, «Қаратөбе әйелдері» ҚБ-нің мүшесі С.Далабаева жалғызбасты, көпбалалы ана Т.Мерғалиеваның  шаңырағына барып, сарқыт қоржынын ұсынды.

Сонымен қатар Қазақстан Халқы Ассамблесяның «Қайырымдылық керуені» шаралары аясында «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалының мәжіліс залында көне дәстүрді жаңғырту, жастарға насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

         – ҚХА-ның биылғы жылға арналған «Қайырымдылық керуені» іс-шаралары бастау алды. Биыл елімізде қайырымдылық акциясын ерекше етіп ұйымдастырылуда. Енді əрбір айдағы қайырымдылық шарасы қазақтың қандай да бір дəстүрі, əдет-ғұрпына байланысты өтетін болады. Бүгін, яғни қаңтарда біз "Сарқыт" қайырымдылық акциясын бастап отырмыз. Сарқыт – халқымыздың ежелден қалыптасқан дəстүрі, бұл əр қонаққа көрсетілетін құрмет, бұл сый-сияпат, алғыс белгісі. Жақыныңа сарқыт беру – онымен қуаныш, бақытпен бөлісу, қамқорлық көрсету", - дейді аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұржамал Сәрсенқызы.

         Дөңгелек үстелде аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Меңдешов, зейнеткер Зәуреш Нұрғалиева ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер, қыз бала және ұлт тәрбиесі турасында әңгіме өрбітті.

qaratobe (1) qaratobe sarqyt (1)

 

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале