20.11.2017, 11:02
Оқылды: 52

Әнші Қатимолла Бердіғалиев Шыңғырлауда концерт берді

 

Untitled

Untitled

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қатимолла Бердіғалиев Шыңғырлау ауданында концерт берді.

Мұхиттың әндері,  сонымен қоса халық әні «Айнамкөз» жүректерге жылы бір  леп бергендей болды. Әншіге қошеметпен бірге гүл ұсынылып, жақсы тілектер айтылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде өткен концерттік бағдарламаға аудан әкімі Альберт Есалиев қатысып,  «Дәстүрлі  өнердің қаймағы саналатын қазақтың ән өнері халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы. Осы мұраны ұрпақтан ұрпаққа  жеткізіп отыратын, оның  қадір-қасиетін танытатын сіздей өнер адамдары. Сол өнеріңіз арқылы  жастарымызға тәлім-тәрбие беріп,  оларды отансүйгіштік рухта  тәрбиелеуге үлес қосудасыз. Сол үшін де сізге үлкен алғыс айтамыз» деп  Алғыс хат пен естелік сыйлық ұсынды.

  Айсұлу Амангелдіқызы

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале