17.08.2017, 11:49
Оқылды: 26

«Әр кәсіпкер 18 миллион теңге несие ала алады»

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин Қазталов ауданында болып, "Бизнес - бастау" жобасы аясында атқарылып жатырған  жұмыстардың барысы туралы кәсіпкерлермен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу жиынын өткізді.

- Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау тетіктерін енгізу, әкімшілік кедергілерді алып тастау секілді жұмыстар жалғасады. Соның ішінде ауыл кәсіпкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. Осы бағытта «Бизнес-бастау» жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл жұмысты БҚО әкімдігі мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бірлесіп атқарады. Осы мақсатқа БҚО әкімдігі 300 млн. теңге, қор сонша көлемде қаржы бөледі. Әр кәсіпкер 18 млн. теңгеге дейінгі несиені 7 пайыздық мөлшерлемемен ала алады. Кепілдікке саман үй, техниканы қосқанда, кез келген жылжитын және жылжымайтын мүлік қойылады. Сондықтан үкіметіміз кәсіпкерлікті дамыту үшін жасап отырған осы мүмкіндікті пайдаланып қалу қажет, -деді Н.Қайыршин.

Бүгінгі күнде ауданымызда "Бизнес-бастау" жобасына 92 адам өздерінің өтініштерін білдірсе, соның 8-і қазіргі күнде бизнес жобаларын бастап та кетті. Ал 6 адамның бизнес жобалары дайындалу үстінде.

 Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале