23.01.2017, 10:35
Оқылды: 62

Аралтөбеде газ өткізудің бағасы қымбат

Sirim Araltobe esep  Әкім есебінде Сырым ауданының Аралтөбе ауылында үйге газ өткізу үшін мердігердің қызметі өте қымбат екенін ауыл тұрғындары айтты.  Мердігердің бағасын өзгертуге жергілікті басшылық қауқарсыз болып отыр. 


  Жергілікті әкімдердің есеп беру кездесуі Аралтөбе ауылдық округінде де өтті. Аралтөбеліктер округ әкімі Жанболат Мұхамбетжановтың, аудан әкімі Абат Шыныбековтің есептік баяндамасын тыңдады.

  Тұрғындар өз кезегінде жергілікті дәрігерлік амбулаториядағы физиологиялық кабинеттің неліктен жұмыс жасамай тұрғандығын сұрады. Аудандық орталық аурухананың директорының орынбасары Роза Тахамбетованың айтуынша, кабинеттің жұмысы маманның жоқтығына байланысты тоқтап тұрған көрінеді.

  Округ бойынша тұрғын үйлерге газ өткізу қызметінің бағасы қымбаттаған. Тұрғындарды қинаған мәселе – осы.

  - Мердігердің талабы сондай болғасын, бұл жерде жергілікті басшылық ештеңе істей алмайды, - деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев бұл туралы.

  Кездесулерде уақытша тіркеу мәселесі жайлы да сұрақтар болады. Бұл жөніндегі сауалдарға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Ернар Жұмағалиев жауап беруде.

  Жалпы алғанда, есептік кездесуге келген халық әкімдердің жұмыстарын оңынан бағалады. Оңынан бағаласа бағалағандай, Аралтөбе ауылдық округінде жол қатынасынан басқа маңызды мәселе кездеспейді. Биыл округ орталығындағы әрбір тұрғын үй мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза суға қосылады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале