27.04.2017, 18:12
Оқылды: 38

Ардагер­лермен кездесу өтті

Тасқала ауданында әкімі чернобыльдік ардагер­лермен кездесу өтті. Кездесуге ауданның тарих пәнінің мұғалі­мдері, аудан жастары, мектеп оқушылары қатысты.


Шара барысында сөз алған Люция Әсетқызы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты ауыздықтауға Кеңес Одағының құрамындағы 15 мемлекеттен шамамен 600 мыңға жуық адам жұмылдырылған болса, соның 32 мыңы қазақстандық аз­аматтар, соның ішінде біздің ауданымыздан барған солдаттар саны 14 адам екенін атап өтті.

Ал ардагерлер әскерге қалай кеткендерін, бастан кешкен қиыншылықтары туралы әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар кездес­уге қатысушыларға Мә­дениет үйінің қызметкерлері шағын концер­ттік бағдарламасын ұсынды. Шара соңында ардагерлерге сыйлықтар таратылды.

Манас Маратұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале