15.04.2019, 18:24
Оқылды: 15

Ардагер шахматшыға арналған турнир

Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Елдос Кенжеғалиевтің 80 жас мерейтойы мазмұн-мәнімен аталып өтті. Мерейлі жас иесі Елдос Кенжеғалиев – ауданның экономикалық әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқан жандардың бірі. Ардагерді құттықтауға аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, орынбасары Лариса Қайырғалиева, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қатар өзге де тілекші қауым жиналды. Дәстүр бойынша ақсақалдың үстіне шапан жабылып, ізгі лебіздер төгілді.

IMG_7325 - копия - копия

Еселі ғұмыры есеп-қисап саласымен тоғысқан Елдос атамызды ауылдастары шаршы тақтаның стратегиясын шебер меңгерген тәжірибелі спортшы ретінде де жақсы таниды. Құттықтау шарасы ерлер және жасөспірімдер арасындағы шахмат турниріне ұласты.

Шаршы тақтада полицей де, мемлекеттік қызметкерлер мен шекарашылар да бақ сынасты. Жарыс қорытындысында ерлер арасында полиция инспекторы Дәурен Сертеков бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орындарды мемлекеттік қызметкер Кенжебек Қадырұлы мен шекарашы Нұрлыбек Бегалин өзара бөлісті. Жасөспірімдердің ішінен үздік  атанған Қуанышбек Кәрімов болса, ағайынды Алмас пен Орынбек Ғұмаровтар қалған жүлделі орындарға табан тіреді.

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале