20.02.2017, 15:30
Оқылды: 72

Ардагер спортшылар бабында

Жуырда Орал қаласында самбо күресінен ардагер спортшылар жарысы өтті. Ел біріншілігіне іріктеу саналған бәсекеде Зеленов ауданы спортшылары да бақ сынады.


34-40 жас аралығындағы ардагерлердің сынында 100 келіде бақ сынаған Руслан Ыстабаев ІІІ орын иеленсе, 50 жастан асқан спортшылардың бәсекесінде Өтеген Қалауов 82 келіде ІІ орын иеленді. Дәл осы жас аралығындағы спортшылар сынында 100 келілік палуандар бәсекесін Раушан Есенғалиев жеңіп алса, 90 келілік спортшылар жарысында тағы бір зеленовтық спортшы Тілек Кәкенов жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ 60-65 жас аралығындағы спортшылардың арасында бақ сынаған Асылбек Қалиевке 74 келіде тең келер ешкім болмады.

Енді өз салмақ дәрежелерінде үздік шыққандар ел біріншілігінде бақ сынайтын болады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале