16.05.2017, 16:17
Оқылды: 87

Ардагер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

 Bokei eskertkish Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Ораз Момыновтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Оған аудан әкімі Н.Рахымжанов, Бөкей ордасы тарихи мұражай қызметкерлері, Ақжайық, Жаңақала аудандарынан өкілдер, қарияның ағайын-туыстары қатысты.


  Аудан басшысы соғыс жылдарындағы аға ұрпақтың ерен ерліктерін айта келіп, Көктерек ауылында болғалы жатқан жағымды жаңалықтармен бөлісті. Ауыл тұрғындарының естелігін оқушылар ұйып тыңдады. Ақжайық ауданының депутаты әрі шаруа қожалығының иесі Ақылбек Сәбитов жерлестерін ұлықтап жатқан көпшілікке алғыс айтты.

  Ескерткіш тақта алдына оқушылар гүл шоқтарын қойып, арнау өлеңдерін оқыды. Хан ордасы мұражайының қызметкері Г.Еділбаева майдангер туралы бейнефильм көрсетті.

  Айта кетейік, сонымен қатар еңбектегі ерлігімен ел құрметіне бөленіп, КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болған Рахима Боранғалиеваның Бисен ауылында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ

Бисен ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале