19.05.2017, 15:37
Оқылды: 33

Ардагер ұстазды қабылдады

Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов еңбек ардагері Айжан Сатаеваны қабылдап, 80 жасқа толуымен құттықтады.


Айжан Ескендірқызы ауданның қазіргі Мойылды ауданында дүниеге келген. Жоғары педагогикалық білім алған соң бүкіл еңбек жолында Шағатай (қазіргі Теректі ауданы аумағында) ауылындағы мектепте физика және математика пәндерінің мұғалімі болды. Білім ұясында бастауыш партия ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін атқарды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. Отбасында төрт ұл-қыз өсіріп, немере, жиен, шөберелерінің бағына бөленген әже.

Жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты ортақ істердің басынан ұдайы табылатын анамен емен-жарқын әңгімелескен аудан басшысы оның иығын камзол жапты.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале