30.09.2019, 12:46
Оқылды: 72

Ардагер ұстазды құттықтады

Еңбек күніне орай Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Айдыналиева мен Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева ардагер ұстаз Б.Тасмағамбетовтың отбасында болды.

 tasqala ustaz (1)

Эльмира Мұратқызы Бақтығұл Жұмажанұлын кәсіби мерекемен құттықтап, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың атынан алғыс хат пен «Білімді ел-образованная страна» газетінің бір жылдық жазылым сертификатын және себет толы тәттілерді табыс етті.

-Биыл Астана қаласында өткен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тамыз кеңесінде басқарма төрайымы Күләш Нағатайқызы әр өңірде еселі еңбек еткен білікті мұғалімдердің барын тілге тиек етіп, олардың еңбек жолын кейінгі ұрпаққа насихаттауды тапсырды. Сондай-ақ, оларды кәсіби мерекеге орай арнайы барып құттықтап, өз атынан «Білімді ел» газетінің бір жылдық жазылым сертификатын салтанатты түрде табыс етуін сұраған еді. Соның қатарында біздің облыстан екі адам болса, соның бірі өзіңіз. Сол себепті бүгін өзіңізге арнайы келіп тұрмыз. Сізге білім саласына қосқан сүбелі үлесіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз, - деді Эльмира Мұратқызы.

Кездесу барысында ардагер ұстаз тәжірибесімен бөлісіп, ұстаз мәртебесін әңгімеге арқау етті.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале