12.09.2019, 11:07
Оқылды: 53

Ардагер журналистің батасын алдық

 Газетшілер тек газет шығару жұмысымен айналысып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келеді. «Екіпн» газетінің кезекті санды шығарғаннан кейін, ауданның төл басылымында 30 жылдай қызмет еткен Сатыбалды Ашығалиевтың шаңырағына барып, амандық-саулық сұрастық.

 ekpin (1)

Ауласында жайқалып тұрған жеміс ағаштарын көріп, шаңырақ иесінің өз шаруасына мығым, әр атқарған ісінен нәтиже күтетінін айтпай-ақ түсіндік. Әріптес ағаға бұрынғы өзі қызмет жасаған кездегі газет тігінділерін көрсеттік. Зейнеткер редактор ескі газеттің сарғайған беттеріне сағынышпен көз жүгіртті. Жүздесу барысында қазіргі шығарылып жатқан газетімізге де көз қарасы жақсы екенін айтып, ұжымымызға сәттілік тіледі. Ол кісінің өлең оқығанды ұнататынын ескерген әріптесіміз Әсемгүл Бекешова өлең оқып, көңіліне қуаныш ұялатты.

ekpin (2)

Сатыбалды Ашығалиев өңіріміз бойынша Қазақстан Журналистер Одағының мүшелігіне өткен алғашқылардың бірі. Аудандық газетте қызмет еткен Сатыбалды ағаның тынымсыз атқарған еңбегі, кейінгі ұрпақтың есінде қалатыны сөзсіз. Журналист ағамызбен сырластық, тәжірибе алмастық және естелік суретке түстік.

ekpin (3)

Жүздесу соңында жұмысымызға сәттілік тілеп ақ батасын берді.

Тимур Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы

парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале