13.05.2019, 12:35
Оқылды: 57

Ардагерді еске алуға арналған күрес тартысы

Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Сағынбас Есжанұлы Кушевті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті. Сайысқа 11 команда мен 170-тен астам спортшы қатысты.

IMG-20190513-WA0042

         Бозкілем тартысында Саят Жакиев (30 келі, Бөрлі ауданы), Алихан Кушев (45 келі, Бөрлі ауданы), Алтынбай Молдағазиев (48 келі, Ақтөбе облысы) Мақсат Алиев (51 келі, Ақтөбе облысы), Никита Волков (55 келі, РФ Орынбор қаласы), Досжан Утепкелиев (60 келі, БҚО), Елжас Самиголлин (65 келі, БҚО), Мәди Аманжол (71 келі, Қарағанды облысы) Ұлықбек Темірбек (80 келі, Қызылорда облысы) Бердібек Әбу (92 келі, Қызылорда облысы) есімді палуандар қарсыласын шақ келтірмей тұғырдың биігінен көрінді.

         Саят Жакиев «Ең үздік күрес көрсеткені үшін» және Диас Маратов «Жеңіске жігерлігі үшін» аталымдарымен марапатталды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20190513-WA0006 IMG-20190513-WA0008 IMG-20190513-WA0023 IMG-20190513-WA0028

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале