23.10.2017, 18:56
Оқылды: 23

БҚО-да еркін күрестен чемпионат өтті

Тасқала ауданында еркін күрестен БҚО чемпионаты өтті. Аталмыш додаға 2002-2004 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздардан құрылған барлығы 8 команда қатысты.

Екі күнге созылған сайыс спортшылардың үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Нәтижесінде ұлдар арасында 32 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған оралдық Н.Сейтекенов, 35 кг салмақ дәрежесінде қаратөбелік А.Сағынғалиев, 38 кг салмақ дәрежесінде оралдық Ш.Самигуллин, 42 кг салмақ дәрежесінде оралдық Н.Жаңаталапұлы мен 46 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Р.Мерғалиев алдыңғы қатарлардан көрінді. Сондай-ақ Орал қаласының намысын қорғаған С.Бейсембаев, Н.Айткашев, Ә.Мақсотов пен Б.Жалғасов та өз дәрежелерінде бірінші орынға табан тіреді. Бұған қоса 69 кг салмақ дәрежесінде ақжайықтық Б.Көпболсынов, 76 кг салмақ дәрежесінде бөрлілік С.Галиев пен 85 кг салмақ дәрежесінде тасқалалық Ә.Серіков жеңімпаз атанды.

Ал қыздар арасында болған тартыста Шыңғырлаудан келген А.Едігенова мен Г.Китарбаева, Орал қаласының намысын қорғаған Г.Есенгалиева, Д.Бақытжанова, А.Елеусінова, З.Баянова, Н.Телманова мен Д.Сағыналиева мен А.Панасович, тасқалалық Н.Акишева да өз салмақ дәрежелерінде бақ сынап, мықты екендерін танытты.

Жеңіс тұғырынан көрінген жасөспірімдерге диплом мен естелік сыйлықтан бөлек, Жезқазған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама берілді.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале